«Әйгерім» бөбекжай-бақшасының
2023-2024 оқу жылына қойылған мақсаты:
Мектепке дейінгі жастағы тұлғаны физикалық, эмоционалдық денсаулығын қорғау және нығайту. Жалпы адами, ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту. Білім беру процесінің барлық қатысушылары - педагогтардың, ата-аналардың, әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ету.


Міндеттері:

1. Ата-аналарға баланың физикалық денсаулығын сақтау және нығайту туралы білім деңгейін көтере отырып, түрлі ұлттық, қимылды ойындарды командамен бірге әрекет ету дағдыларын дамыту ;
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтың негізіне қалыптастырып және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне тәрбиелеу.
3. Балалардың негізгі қызметі ретінде қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, білім беру процесінде түрлі ойын әрекеттерін қолдану.

Бөбекжайдың басымдылық бағыты: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізі бағыттары:
- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын құру;
- балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамыту;
- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану;
- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру;
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы);
- әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

 


«Әйгерім» бөбекжай-бақшасының

2022-2023 оқу жылына қойылған  мақсаты:

Мектепке  дейінгі жастағы тұлғаны физикалық және эмоционалдық денсаулығын қорғау және нығайту, патриоттыққа тәрбиелеу. Білім беру процесінің барлық қатысушылары - педагогтардың, ата-аналардың, балалардың тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.

 

    Міндеттері:

  1. Ата-аналарға баланың физикалық денсаулығын қорғау және нығайту туралы білім деңгейін көтеруді ұйымдастыру;
  2. Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу және ұлттық мәдениетінің дәстүрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізу.
  3. Балалардың негізгі қызметі ретінде білім беру процесінде ойын әрекеттерін жетілдіру.

 

Бөбекжайдың  басымдылық  бағыты: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізі бағыттары:

- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын құру;

 - балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамыту;

- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану;

- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру;

- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы);

- әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

 

 


«Әйгерім» бөбекжай-бақшасының

2021-2022 оқу жылына қойылған  мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық мәдениет арқылы баланың эстетикалық талғамын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

 

1.Баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуда заттық- кеңістік дамытушы ортаны модернизациялау.

2.Балалардың зияткерлік, коммуникативтік, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуда оқу қызметтерінде интеграциялық амалдарын қолдану.

3.Шығармашылық өнер арқылы  балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.